Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «STOP Trafic» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«STOP Trafic» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 11-13 маусым күндері Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында аудан көлемінде адам саудасына байланысты қылмыстарды оның ішінде - адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, жаңа туған нәрестелерді сату фактілерін анықтау, еңбекте және сексуалдық қанау нәтижесінде жарақаттармен, криминалдық түсіктермен өтініш білдірген адамдарды анықтау бағытында денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп аталған қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан көлемінде өткізіліп жатырған «STOP Trafic» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құқық бұзушылар анықталған жағдайда ҚР ҚК-нің 125,126,128,134,135,308,309,393,394,395 баптарымен және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі.
Арал ауданының полиция бөлімі
12 маусым 2020 ж. 702 0