Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Пиротехника» іс-шарасы өткізілуде

«Пиротехника» іс-шарасы өткізілуде

   Үстіміздегі жылдың 18 желтоқсаны мен 3 қаңтары аралығында Арал аудандық Полиция бөлімі ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақталуын бақылау мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.  Осыған орай төтенше жағдай төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен бірге сәйкестік сертифмкаты жоқ пиротехникалық бұйымдардың бейберекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, суда орталықтары мен білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау мекемелері мен вокзал, қонақ үйлерде, ойын-сауық орталықтарында  рейдтік іс-шаралар өткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
   Барлық анықталған фактілер бойынша кінәлі азаматтарды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Арал аудандық полиция бөлімі
20 желтоқсан 2019 ж. 1 289 0