Абайлаңыз, балалар! жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Іс-шараның мақсаты оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мен жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру болып табылады.
Аталған іс-шара Сексеуіл кенті №177 мектепте жалғасын тауып, "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" атты сайыс ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар Арал ауданының полиция бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Арал аудандық полиция бөлімі
Арал аудандық полиция бөлімі