Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсетіндер кімдер?

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсетіндер кімдер?

Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына түсетін «Nur Otan» партиясының тізімі тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны бекітті.
Қаулыға сәйкес, Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға куәліктер беріледі. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізіледі.
Айта кетейік, «Nur Otan»-ның партиялық тізімінде 126 адам  бар. Олардың қатарында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, «Nur Otan» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова, вице-премьер Ералы Тоғжанов бар. 
«Кім «Nur Otan» партиясының тізімін қабылдау үшін дауыс беруіңізді сұраймын. Рақмет, бірауыздан. Осылайша «Nur Otan» партиясының тізімі тіркелді. Партияны құттықтаймын. «Nur Otan» партиясының тізімін тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан халық жинақ банкіне жіберуід тапсырамын. Енді партия сайлау қорын қалыптастыруға арнайы шот ашуға құқылы», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
kyzylorda-news.kz​​​
03 желтоқсан 2020 ж. 535 0