Марат Сембеков Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды

"Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың "Nur Otan"-ды "қайта жандандыруға" қатысты тапсырмасына сәйкес М.Сембеков партия Хатшысы болып тағайындалды. Ол Үкіметпен, "Nur Otan"-ның Мәжілістегі фракциясымен қарым-қатынасқа жауап беріп, Партиялық бақылау қызметінің жұмысын үйлестіреді",- деді Бауыржан Байбек.