Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

Nur Otan партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді,

«Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен босатылды. Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін», - деп жазды Байбек Twitter-де. 
Дүйсенова 2019 жылдың ақпан айынан бері партия хатшысы қызметін атқарды. Ол бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.
09 шілде 2019 ж. 694 0