Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, бір миллиардтан астам адам – әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай-да бір түріне ие.
Қызылорда облысында 30 мыңнан астам мүгедек бар. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған.
ҚР «МӘМС туралы» заңының 26-бабына сәйкес, I, II, III топтардағы мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналар аударатын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының қатарына кіреді. Мәліметті толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.
Сонымен қатар, заңның 27-бабына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарынан босатылды, сондай-ақ жұмыс берушілерге мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар төлеудің қажеті жоқ.
Азаматтардың осы санатына барлық медициналық қызметтердің қол жетімді. Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуді сұраймыз. 

kyzylorda-news.kz
03 желтоқсан 2020 ж. 913 0