Аймақта 39 маманға көтермеақы беріледі

Бұған қоса, инфекциялық стационарда 15, ал реанимация бөлімінде 2 науқас ем алуда.Аймақта 2021 жылдың бірінші тоқсанында індетке қарсы вакциналауды бастау жоспарлануда. 18 жастан асқан адамдарға салынады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұған қоса, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда.
kyzylorda-news.kz«Өңірде өкпені жасанды желдету аппараты 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппараты алынды. Биыл медициналық ұйымдарға 99 жас маман жұмысқа кірді. Қалалық және аудандық ауруханаларға жіберілді. Алғаш рет 99 маманның 39-ына 500 АЕК көтермеақы беріледі», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.