Коронавирус бойынша сұрақтармен 1406 call-орталығына хабарласуға болады

«Барлық өтініштер Қордың сарапшыларымен тіркеледі және қаралады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу дәлелі расталса, онда медициналық ұйымға ӘМСҚ-мен шарттық міндеттемелерді төлеу қағидаларына сәйкес айыппұл санкциялары салынады», – деп хабарлады «ӘМСҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов.
Карантин енгізілгеннен кейін байланыс орталығы коронавирустық инфекцияға қатысты өтініштерді де қаралуда. 1406 операторлары тұрғындарға алдын-алу шаралары, вирустан қорғану, күдікті белгілер анықталған кезде әрекет ету, ПТР-ға талдау жасауға болатын және т.б. мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін арнайы дайындықтан өтті.
«Жүргізілген мониторингке сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының колл-орталығына күн сайын 130 қоңырау келіп түседі, ай сайын 3 мыңға жуық қоңырау түседі. Ағымдағы жылдың шілде айында COVID – 19 тұтану кезеңінде қоңыраулар саны үш есе өсті», – деп атап өтті А.Рахимов.
Халықтың жиі қойылатын сұрақтары:
1. Коронавирустық инфекциядан қалай қорғауға болады, жаңа белгілер қандай?
2. КВИ анықтау үшін экспресс-тесттерді қашан және қалай тапсыруға болады?
3. МӘМС үшін қалай төлеуге болады?
4. Карантин енгізілген қалалар мен аймақтар бойынша қозғалыс. Сондай-ақ, жоғарыда аталған елді мекендерге кіру және шығу.
5. Медициналық қызметтердің сапасына шағымдар
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді. 1406 байланыс орталығының операторларына өз сұрақтарын «Qoldau 24/7», «Telegram» – «QoldauINFO» мобильді қосымшалары арқылы да қоюға болады. Өтінішке тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін жеке кабинетте оның мәртебесін тексеруге болады.
kyzylorda-news.kz
