Халықпен кері байланыстың жаңа түрі әзірленді

МӘМС жүйесінің енгізілуімен қатар, халық тарапынан көптеген сұрақтар туындап, шағымдар түсуде. МӘМС жүйесі туралы ақпаратты беру, өзекті мәселелерді шешу және шағымдарды қарау мақсатында, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік Қоғамымен Call-орталық ашылды. Кез келген азамат тегін 1406 номерін теру арқылы осы Call-орталығына қоңырау шалып, сапасыз медициналық көмек көрсеткен медициналық мекемесіне шағым қалдыруына болады. Бұл шағымдар бойынша медициналық мекеменің қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізіліп, науқастың құқығы бұзылып, кемшіліктердің орын алуы расталған жағдайда, тиісті шаралар қолданылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен «Qoldau-24/7» мобилді қосымшасы әзірленіп, биылғы жылдың маусым айынан бастап іске қосылды. Qoldau-24/7 мобилді қосымшасы – азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл.
Әсіресе қазіргі сәтте, карантиннің кезінде, Qoldau-24/7 қосымшасы сұранысқа ие. Себебі, азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі.
Жылдың басынан бастап «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалына азаматтардан 91 шағым келіп түсті, оның 87-і – 1406 Call-орталығы арқылы, ал 4 шағым -Qoldau-24/7 мобилдік қосымшасы арқылы келіп түскен.
Бұл шағымдар бойынша жан-жақты, объективті тексерулер жүргізіліп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қанаттандыру бағытында жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, шағым берушілермен телефон байланысы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Халықтан келіп түскен шағымдардың басым көпшілігі, ол – дәрі-дәрмектерді тегін алуы, жоспарлы медициналық көмек алуы, маманның көрсетілуімен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (МРТ,КТ,УЗИ) тегін алуы болып табылады.
Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.
Сауле Абдамитова,
«ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы өтініштерді қарау және халықты ақпараттандыру бөлімінің сарапшысы