Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесі: Биылдан бастап қалай емделеміз?

МӘМС жүйесі: Биылдан бастап қалай емделеміз?

kyzylorda-news.kz 2020 жылдан бастап халыққа медициналық қызметтің екі түрі көрсетіледі. Біріншісі – Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделі. Бұл – әрбір адам үшін жедел және шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек. ТМККК жаңа моделі – қоғамда маңызды ауруларды бақылауда ұстайтын, әрбір адамға арналған медициналық көмектің минималды қажетті көлемі.
ТМККК жаңа моделі халықты жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтиды және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу-қатыспауына қарамастан әрбір қазақстандыққа медициналық қызметтің негізгі түрлері қолжетімді болады.
ТМККК жаңа моделі аясында жедел жәрдем және санитарлық авиация; бастапқы медициналық-санитарлық көмек; шұғыл стационарлық көмек; паллиативтік көмек; онкология және туберкулезді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы ауруларға арналған медициналық көмектің толық спектрі көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар және 25 негізгі созылмалы ауру бойынша консультациялық-диагностикалық көмек; амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын көмек; жоспарлы стационарлық көмек; туберкулез кезіндегі медициналық оңалту қызметтері бар.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде кез келген адам халықтың нысаналы топтарын профилактикалық егу және медициналық тексеру (скринингтер), 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті бақылау, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға медициналық-әлеуметтік көмек, шұғыл медициналық көмек, пациент жүгінген кезде БМСК маманының қабылдауы және кеңес беруі (жіті және созылмалы аурулардың асқынуы), салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге кеңес беру сияқты медициналық қызмет ала алады.
Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде динамикалық бақылау, әлеуметтік маңызды ауруға шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек, динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беруі, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика секілді көмек көрсетіледі. Ал, ТМККК пакетіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған шұғыл стоматологиялық көмек МӘМС пакетіне өтті.
Стационарды алмастыратын көмек деңгейінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу, тәулік бойы стационарда емдеуді қажет етпейтін науқасқа диагноз қойғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу сияқты медициналық көмек көрсетіледі.
Стационарлық көмек деңгейіне жедел айғақтар бойынша ауруханаға жатқызу (азаматтардың барлық санаты), динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларға жоспарлы стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, жұқпалы ауруларды және қауіп төндіретін ауруларды емдеу жатады.
Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бойынша туберкулезге шалдыққан адамдарға медициналық оңалту, туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындарға, терминалдық кезеңдегі созылмалы аурулар, тұрақты күтімге мұқтаж, өзіне-өзі қызмет көрсетуге толық немесе ішінара қабілетсіз адамдарға паллиативтік көмек көрсетілетін болады.
Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейіндегі көмекке динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, мамандандырылған емдеу өнімдерімен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету сияқты қызметтер кіреді. Сондай-ақ балалар амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қандай нәтижеге қол жеткіземіз?
  • жалпы практика дәрігерлерінің учаскелерін біріктіру (2,2 мыңнан 1,7 мың адамға дейін);
  • әлеуметтік маңызды және 25 негізгі созылмалы ауруды (онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, диабет, жүрек-қан тамырлары және т. б.) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • халықты медициналық көмектің минималды көлемімен толық қамту;
  • халықтың 70 пайызын зардап шегетін негізгі созылмалы жұқпалы емес ауруларға тегін медициналық көмектің толық спектрін көрсету;
  • азаматтардың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге өз қалталарынан шығатын шығынын азайту;
  • пациенттерді өз денсаулығын өзі бақылауға және денсаулықты басқарудың арнайы бағдарламаларына үйрету;
  • азаматтарды ТМККК және МӘМС бойынша өз құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттандыру.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңартылған моделі барлық халыққа бірдей және тұрақты түрде көрсетілетін қызметтердің минималды жиынтығы болып қала береді, ал сақтандыру пакеті (МӘМС) жүйеге қатысушылардың әрқайсысы үшін басқа да мүмкіндіктер беретін қосымша қызмет болып табылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық төлемші болып табылатын азамат үшін де, оның жұмыс берушісі (көбінесе мемлекет болып табылатын) үшін де сенімді әрі ұтымды.
Азаматтың денсаулығы үшін үш тарап ортақ жауапкершілік алатын болса да, әркім өз қажеттілігіне қарай медициналық көмек ала отырып, өз мүмкіндіктеріне қарай төлейді. МӘМС-тің ең маңызды ерекшелігі – оның әлеуметтік бағыты, яғни, мемлекет қоғамның әлеуметтік әлсіз адамдарының үлкен тобын өз қамқорлығына алады және олардың орнына жарнаны өзі төлейді. Солай бола тұра, медициналық сақтандырылған барлық адам медициналық қызметтің бірыңғай сақтандыру пакетіне тең дәрежеде ие бола алады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті – әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек және болашақ ұрпақ денсаулығының негізі. Бұл пакет сақтандырылған адамдар үшін ғана көрсетіледі. МӘМС пакетіне ТМККК-ден тыс медициналық қызметтер кіреді.
Бұл қымбат зертханалық қызметтер мен тексерулер, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын медициналық көмек, жоспарлы емдеуге жатқызу, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, жүкті әйелдердің медициналық-генетикалық скринингі.
21 қаңтар 2020 ж. 1 175 0