Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайды?

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар 31 желтоқсанда неге демалмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес мереке күндері қазақстандықтар жұмыс істемейтінін атап өтті.
"31 желтоқсан Қазақстанда мереке күніне жатпайды. Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес Үкімет жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында мереке күндерін басқа жұмыс күніне ауыстыруға құқы бар.
Үкіметтің 2019 жылғы 1 қарашадағы "2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысына сәйкес жұмыс күні болып саналатын 31 желтоқсан демалыс күніне ауыстырылған жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандықтар Жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады.
2021 жылдың 1-2 қаңтары ресми демалыс күндері болып саналады. Себебі, 2 қаңтар сенбі болғандықтан демалыс төртінші күнге, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.
Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасында - 1, 2, 3 қаңтар аралығында демалады.
Сонымен қатар, 7 қаңтар да мерекелік демалыс болып саналады. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.



09 желтоқсан 2020 ж. 779 0