Инклюзивті білім беру туралы материалға республикалық байқау өткізіледі

Конкурстың мақсаты:
Инклюзивті қоғамды және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қалыптастыру.
Конкурстың міндеті:
аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларға қоғамның төзімді қарым-қатынасын қалыптастыру;
халықты инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы хабардар ету;
аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларды қоғамға бейімдеу практикасы мен сәтті тәжірибесін жария ету;
мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және техникалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі сапалы, инклюзивті, тең құқылы қазақстандық тәжірибені жария ету.
Ұйымдастырушы:
«Болашақ» корпоративтік қоры.
Жүлде қоры 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге:
5 номинация:
1) Үздік телевизиялық жұмыс – 350 000 (үшжүз елу мың) теңге.
I орын – 200 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – 50 000 теңге.
2) Үздік әлеуметтік ролик – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.
I орын – 200 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – 50 000 теңге.
3) Баспасөз бетіндегі үздік жарияланым – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.
I орын – 200 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – 50 000 теңге.
4) Үздік интернет-мақала – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
I орын – 150 000 теңге.
II орын – 70 000 теңге.
IIIорын– 30 000 теңге.
5) Үздік интернет жарияланым/пост – 200 000 (екіжүзмың) теңге.
Iорын – 150 000 теңге.
II орын – 70 000 теңге.
III орын – 30 000 теңге.
Конкурс шарттары:
- Қатысушы бірнемесе бірнеше номинация бойынша Конкурстық жұмысты 2021 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей ұсынуға міндетті;
- барлық номинациялар бойынша конкурстық жұмыстар2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2021 жылғы 1 наурызды қоса алған уақыт аралығында жасалған болуы тиіс;
- жұмыстар техникалық сипаттамаға сәйкес келуі және Қатысушының ақпараттық ресурстарында (телеарна, ақпараттық порталдар, мерзімді баспасөз, ресми сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.) орналастырылуы тиіс;
- әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда жарияланған жұмыстар конкурстың «Әр бала мектепке лайықты» деген ресми атауымен және #КаждыйРебенокДостоинШколы
- #ӘрБалаМектепкеЛайықты
- #EveryChildWantsToBeIncluded
- #Bolashakcharity
- #Аутизм
- #Фондсоциальныхизмененийхештегтерімен белгіленуі тиіс;
- Ұйымдастырушыдан толтырылған Өтінімдіжәне материалдарды қабылдағаны туралы растау электрондық пошта арқылы алынған күннен бастап өтінім қабылданған деп есептеледі;
- Конкурсқа жекелеген жеке тұлғалармен қатар Авторлық топтардың да қатысуға құқығы бар. Авторлық топ Конкурсқа бір Қатысушы ретінде қарастырылады;
- Конкурсты өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда, Ұйымдастырушы қосымша ақпаратты «Болашақ» КҚ-ның www.bolashakcharity.kz ресми сайтында жариялайды;
Конкурсқа қатысуға өтінім Конкурсқа әлеуеттті қатысушы осы Ереженің талаптарымен және шарттарымен келісетінін білдіреді;
2021 жылғы 1 наурыздан кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды;
Өтінім Конкурстың шарттарына және техникалық сипаттамаларысәйкес келмесе, қарастырылмайды;
өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Конкурс кезеңдері:
Iкезең – Конкурсқа өтінімдерді қабылау – 2020 ж.1 қыркүйек– 2021 ж. 1 наурыз
ІІкезең –өтінімдерді техникалық сипаттамаға сәйкес іріктеу – 2021 ж. 1-5 наурыз
ІІІкезең – Қазылар алқасының материалдарды қарауы–2021 ж.9-24 наурыз
ІVкезең – Жеңімпаздардың тізімін қалыптастыру – 2021 ж.25 наурыз
Vкезең – Конкурстың Жеңімпаздарын марапаттау – 2021 ж.2 сәуір
Техникалық сипаттама:
1 | Үздік телевизиялық жұмыс | ҚР республикалық және өңірлік телеарналарында эфирге шығарылған телевизиялық жанр жұмыстары, оның ішінде жаңалықтар сюжеті, репортаждар, бағдарламалар, ток-шоу, деректі кино қабылданады |
2 | Баспасөз бетіндегі үздік жарияланым | ҚР БАҚ-да жарияланған кемінде1 500 символ бармақалалар қабылданады |
3 | Үздік интернет-мақала | Ақпараттық порталдарда, сайттарда жарияланған кемінде 1 500 белгісі бар әртүрлі жанрдағы (ақпараттық, аналитикалық, т.с.с.) материалдар қабылданады |
4 | Үздік интернет жарияланым | Instagram, Facebook, Telegram, TikTok, т.б. әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты #EveryChildWantsToBeIncluded #Bolashakcharity #Аутизм хештегтерімен орналастырылған кемінде 1 000 белгісі бар жарияланымдар/посттар қабылданады |
5 | Үздік әлеуметтік ролик | Телеарналарда, сайттарда, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда(роликтер әлеуметтік желілерге бейімделіп, 15 сек. болуы мүмкін)#КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity #Аутизм #Фондсоциальныхизменений хештегтерімен орналастырылғанMp4, AVI, MPEG-TS, HDRipпішіміндегі (хронометраж 30 секундтан басталатын) роликтер қабылданады |
Материалдарды бағалау критерийлері:
- материалдардың жаңалығы және бірегейлігі (идеяның креативтілігі);
- материалдардың әлеуметтік маңыздылығы;
- мақсатты аудитория, атаулылығы;
- көркемдік тәсілі.
Конкурстың Қазылар алқасы:
- Конкурсты ұйымдастырушы және серіктестерінің өкілдерінен;
- Беделді БАҚ өкілдері және қоғам қайраткерлерінен қалыптастырылады.
- Инклюзия туралы үздік материалға Конкурсына қатысуға өтінімhttps://bit.ly/2Lgc4yv- жүктеу
Өтінім мен материалдар pr@bolashak.kzэлектронды адресі арқылы,
почтаға және/немесе010000, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев көшесі, 12/1 , 411-офис мекенжайына қабылданады.
тел. 8 (7172) 500 618, +7 775 225 19 07.