Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктегі несие сіздің атыңыздан алынбаған жағдайда не істеу қажет

Банктегі несие сіздің атыңыздан алынбаған жағдайда не істеу қажет

Бүгінгі таңда шұғыл қаржы мәселелерін шешу үшін кредиттер мен онлайн қарыздар біздің өмірімізде ыңғайлы құралға айналды. Осыған байланысты несиелік алаяқтық та жайлап барады. Азаматтарға банктен кепілсіз несие алғаны туралы хабарлама келеді, ал олар несиені өздері алмаған болуы мүмкін. Осындай жағдайда не істеу керек? Stan.kz тілшісі заңгер мамандардың пікірін білді. 

Мамандар алаяқтар атыңызға қолма-қол немесе онлайн несие алғанын білсе, алдымен ұйымның басшылығына өтініш жазу керектігін айтады.
"Өтініште жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, сондай-ақ, алаяқтарға қарызға пайызбен ақша беруге негіз болған құжаттарды сұрау қажет. Сонымен бірге құқық қорғау органдарына өтініш беру керек. Сіздің өтінішіңізді алғаннан кейін несие беруші қызметтік тергеу жүргізуге міндетті. Оның нәтижесі берілген қарызды жарамсыз деп тану туралы шешім болуы тиіс. Несие беруші сізбен кездескісі келмейтін жағдайда, мамандандырылған кәсіби адвокаттан кеңес алған жөн. Сіздің шұғыл қарыз алуға қатыспағаныңызды дәлелдеу үшін графологиялық сараптама (қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру) жүргізуді талап ету, бейнебақылау материалдарының жазбаларын қарау, немесе тіпті сотқа талап арыз жазу керек. Заңгер сізге мәселені дұрыс ұйымдастыру жолдарын айтады және қажет болған жағдайда сотта сіздің мүддеңізді қорғайды", - дейді заңгер Чиналиева Айнұр. 
Қазақстандық адвокат Эльнура Жұмабековна банктен несиені адам өз еркімен алған жағдайда оны өзі төлеуіне тура келетінін айтады.
Сонымен қатар, банктен несие сіздің атыңыздан алынған болып, төленбей жүрсе, бастапқыда білмей, кейін білген болсаңыз, полицияға шағымды міндетті түрде түсіру керек дейді.
"Тұрғылықты мекен жайда орналасқан полиция басқармасына жүгіну, несие қай банктен алынды, қай жақтан хабарласып жатқанын білу қажет. Оқиға қай жерде болды, сол жердің полиция қызметкерлеріне барып арыз түсіреміз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалады. Несие көлемі қанша, кім алған, рәсімдеген, нақты ол жөніндегі мәліметті банктен аламыз. Арызды қабылдап алған соң тергеу бөлімі банкке сұрау салдырту арқылы ақшаны шешу барысында бейнетаспаға түскен болса, сол адамды анықтай бастайды", - дейді адвокат.
Ал егер айып тағылып адам несиені өз атынан туыстарына алып берген болса, ондай жағдайда бұл азаматтық іс болып саналады, дейді маман. 
"Сотқа берген кезде негізгі несиені қалдырып, үстіне қосылған үстемақысын, айыппұлын алдырып тастауды сұраймыз. Негізгі төлемақының мөлшері мен үстемеақының көлемін сот бекітеді", - дейді ол.
Айтуынша, адамның рұқсатынсыз атын жамылып, құжаттарын пайдаланғанда жеке куәлікті қолдануға болады, осылайша қылмыстық іс қозғалады. Адвокат несие алар кезде толықтай ойланып алуға кеңес береді.
stan.kz​​​
14 желтоқсан 2020 ж. 445 0