Оңай алынатын онлайн кредиттің қандай қиындығы шығуы мүмкін?

Қазірдің өзінде микроқаржылық ұйымдарда берілген қарыздар үлесі 375 млрд теңгеге жуықтады. Микроқаржылық ұйымдарға заң шеңберінде белгіленген шекті жылдық тиімді мөлшерлеме 56%. Қарыздар енді осындай шартпен қайтарылады.
Онлайн несие беретін ұйымдардың жұмысы заңмен реттеліп келеді. Бірақ қаржыдан тарығып, жылдам несие алушылар саны азаймай тұр. Осы тұста мамандар онлайн несие рәсімдегенде неге мән беру керектігін айтты. Біріншіден, қаржылық ұйымды мұқият таңдау керек. Екіншіден, келісім-шартты жақсылап оқыған жөн. Оның ішінде екі жақтың жауапкершілігі, келісім-шарттың мәні, проценттік мөлшерлеменің көлемі қандай екенін қараған абзал.
Ал шартта «Қосымша қызмет» деген бөлім болса, басқа қаржылық ұйымды іздеуге кеңес береді. Заңгерлердің айтуынша, қарыз алушыға мұндай шарт қажет емес. Ол тек микроқаржылық ұйымның сыйақысын арттырады. Сондай-ақ құжаттағы даулы мәселелерді шешу ретін анықтап алу керек. Әсіресе төлемдерді кешіктірген жағдайда айыппұл көлемі қандай болатыны маңызды. Заң жүзінде тұрақсыздық айыппұлы қарыз көлемінің 10%-тен аспауы тиіс.
24.kz