Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 4-5 банкте кредиті барларға кешірім жасамасақ болмайды – Айқын Қоңыров

Елімізде 4-5 банкте кредиті барларға кешірім жасамасақ болмайды – Айқын Қоңыров

Кеше кередит төлей алмай отырғандардың проблемасын айтқан депутат Айқын Қоңыров экономикалық құлдыраудың себебін түсіндірді.
Оның айтуынша, кредит төленбесе, экономика деградацияға ұшырайды
«Кеше өздеріңіз білетіндей, біз халықтың, шағын және орта бизнестің несиеге батып кеткенін айтып, Үкіметке сауал хат жолдаған едік. Біз жалпы халықпен етене жақын жұмыс жүргіземіз. Көбінің мәселесінен хабарымыз бар. Азаматтардың көбі несие жүктемесіне байланысты қиналатынын айтады. Себебі халықтың ішінде 4-5 банкте қарызы бар азаматтар бар. Оларды өтеу тым қиын. Халықтың көбі осындай тығырықта тұр», – дейді Айқын Қоңыров.
Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес азаматтардың алған қарызы үшін банктер мен микроқаржылық ұйымдардың алдындағы жауапкершілігі күшейген.
Қаржылық институттар қайтарылмаған қарыздар үшін азаматтардың құқығын шектеуге құқы бар.
Халық салық төлеп, банктердің қарызын жаппауы керек –­ депутат
Бір адамның атына 25 несие рәсімдеген алаяқтар іздестіріліп жатыр
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарға 5%-дық несие беруді бастады
«Кейбір қаржылық институттар азаматтардың ел ішінде қозғалысын шектеуге дейінгі құзыретке ие болған. Тіпті пойыз бен ұшаққа отырғызбауға дейінгі жағдайлар кездеседі. Мұның ақыры экономиканы деградацияға ұшыратынын ескеру керек», – деді Айқын Қоңыров.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан халқының 90 пайызында кредит бар. Енді көп адамда несие алатын жағдай да жоқ. Себебі, жаңадан қарыз алу үшін ескісін жабуың керек. Ал ескі несиені жабу үшін табысың болуы тиіс. Девальвацияға байланысты халықтың табысы кеміді. Сол себепті, халықта оны жабар шама да жоқ.
Айта кетейік, кеше депутат Күнін көре алмай отырғандардың кредитін кешіру керек деп бастама көтерген болатын.
24 қыркүйек 2020 ж. 500 0