Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы шотындағы қаржыға пәтер сатып алуға бола ма?

Зейнетақы шотындағы қаржыға пәтер сатып алуға бола ма?

 Зейнетақы шотындағы жинақтың бір бөлігін шешіп, пәтер сатып алуға жұмсау - мәселені түбегейлі шешпейді. Осылай деген депутаттар кеше премьер-министрге сауал жолдап, тұрғын үй құрылысы мәселесін реттейтін резервтік қор құруды ұсынды. Өйткені көбінің жинаған зейнетақы қордағы ақшасы бір миллион теңгеден аспайды.,-деп хабарлайды stan.kz

Депутаттық сауал жолдаған Айқын Қоңыров сингапурлық әдісті ұсынды. Айтуынша, онда тұрғын үй, медициналық сақтандыру, оқу және зейнетақы жинақтарының барлығы бір жүйеге енгізілген. Жинақтарды орталықтандырылған резервтік қор басқарып, халықтың  әлеуметтік қажеттілігін шешуге жұмсалады, дейді.
Депутаттың сөзінше, сингапурлықтардың 80 пайызы осы қордың көмегімен тұрғызылған пәтерлерде тұрып жатыр.
 «Онда мемлекет қаржылай жоспарлауды өз мойнына алады. Сонда салымшы зейнетақысыз да қалмайды, пәтер де сатып алады. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді осылайша орталықтандырылған инвестицияның көмегімен шешуге болады», - дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. 

17 қазан 2019 ж. 580 0