Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағзаға зиян келтірмес үшін суды қалай ішкен жөн?

Ағзаға зиян келтірмес үшін суды қалай ішкен жөн?

Ұйқыдан тұрған соң суды қалай ішкен дұрыс? Қандай су ішкен пайдалы? Суық су ішкен қаншалықты дұрыс?
Бұл сауалдарға WeChat желісінде жариялаған жазбадан жауап іздемекпіз. Жазба авторлары суды дұрыс ішпейтіндердің көп екенін алға тартып, суды дұрыс ішудің жолдарын ұсынған екен, деп хабарлайды Риа Новости. 

Авторлардың айтуынша, ұйқыдан тұрған соң су ішкен дұрыс. Ағзаның оянып, сусыраған ағзаны сұйықпен толтырады. Қанның тұтқырлығын азайтып, қан айналымын жақсартады.

Бірақ таңертең су ішуді жөн көргендердің өзі дұрыс су ішпейді. Ал суды дұрыс ішу үшін келесі кеңестерді орындаңыз.

1) Суды тез ішуге болмайды, демалып-демалып ішкен жөн. Өйткені тез ішілген су қанды жылдам сұйылтып, жүрекке ауырлық түсіреді. Оның үстіне суды көп ішкеннен аш асқазанда қышқыл көбейіп, асқазан ауруына әкелуі мүмкін. Сондықтан суды аздап ұрттап ішкен жөн. Шамамен, таңертең жарты жылы ыстақан су ішкен жеткілікті.

2) Таңертең судың орнына кофе, айран, сүт, сусын, минералды су ішуге болмайды. Олар ағзадағы сұйық көлемін қалпына келтіруге көмектеспейді. Керісінше, оянбаған асқазанды жұмыс бастауға мәжбүрлейді. Аталмыш сусындардың кейбірі дәрет шақыруы мүмкін. Содан ағза мүлдем сұйық жетіспей "қиналады".

3) Тұзды су ішуге болмайды: қан қысымын көтеріп жібереді. Күнделікті тұтынатын тұздың көлемін көбейтіп, бүйрекке салмақ салады.

4) Қайнатылған су ішкен жөн. Өйткені оның құрамында тұз бен қант болмайды. Содан жүрек пен бүйрекке зияны келмейді.

5) Суға бал қосып ішуге болады. Әсіресе, іш қату мен іш жүруге көмектеседі. Балды ыстық суға емес, суық не салқын суға қосып ішкен жөн.

6) Өте суық не өте ыстық суды ішуге болмайды. Суық судан асқазан "стресс" алып, жайсыз күйге түседі. Мұның арты диареяға әкелуі мүмкін. Ал ыстық су өңешті күйдіріп, соңы қатерлі ісікке душар етуі ықтимал. 65 градустан ыстық су күйікке әкеледі. Содан өңештің жасушалары күлдіреп, ақырындап асқынуға әкеледі. Қатерлі ісік содан пайда болады. Асқазанның шырышты қабығын күйзеліске түсірмес үшін 50 градустай жылы су ішкен дұрыс.

7) Таңертең тісті тазаламай-ақ су іше беруге болады. Тісті тазаламай ішкен су ауыздағы бактерияларды шайып әкетеді деген негізсіз. Өйткені бактериялар тісте жабысып тұратындықтан, су оны шайып кете алмайды.
massaget.kz
15 желтоқсан 2020 ж. 1 186 0