Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайым судың 10 пайдалы қасиеті

Қарапайым судың 10 пайдалы қасиеті

Егер сіз жылтыр шаш, сау және үлбіреген теріні қаласаңыз, кәдімгі су осы жетістіктерге жету үшін көмектесе алады! Дәл осы материалды оқығаннан кейін сіз суды не үшін ішу қажет екенін түсінесіз және оның пайдалы тұстарын естіп таң қаласыз, әдемілікке қол жеткізу жолындағы судың құдыретін білесіз. Төменде қарапайым судың 10 таң қаларлық пайдалы қасиеттері көрсетілген.



Күніне 2 литр су ішу қажет екенін көпшілік біледі. Алайда  неге дәл екі литр су ішу қажет екенін ешкім де әрі қарай зерттеп көрмеген болар. Судың құрамында ешқандай да пайдалы элементтер (дәрумендер, микроэлементтер, минералдар) жоқ, алайда ол ең маңыздысы. Су осы ғаламшардағы тірі жанның барлығының жасушасында кездеседі. Оның жетіспеушілігінен кез келген ағзада түрлі қиындықтар пайда болады. Судың пайдалылығы қаншалықты деңгейде және ол неліктен әдеміліктің нышаны болып табылатындығын әрі қарай оқыңыз. Сонымен, су несімен пайдалы?
1. Ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін қалыпты күйде ұстайды.
Біздің ағзамыздағы сұйықтық өмірлік қажетті қызметтерді атқарады – асты қорытады, қан айналымын жақсартады, түкіріктің бөлінуіне, зат алмасу процесіне, дене температурасын қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Сіз суды аз ішкен кезде, ми «ағзаның бұзылуы» қызметін бастап, нәтижесінде бұл процестердің барлығы дерлік тез арада саябырлап қалады.
2. Калорияларды бақылайды
Иә, бәрі де дұрыс. Көптеген зерттеулер су мен артық салмақтың жоғалуы арасында байланыс бар екендігін дәлелдеді. Мұның құпиясы неде? Су біздің күні бойы тоқ сезінуімізге көмектеседі, нәтижесінде біз тамақты аз тұтынамыз, сәйкесінше аз калория болатыны белгілі.
3. Бұлшықеттерге арналған жанармай болып табылады.
Біз спортзалда терлеген кездері, біздің бұлшықеттерімізден су бу ретінде бөлініп шығады. Ал бұлшықет сәйкесінше суы болмаса, тез шаршайды. Сол себепті де су біздің бұлшықеттеріміз үшін жанармай тәріздес. Егер  спортттық жаттығулар кезінде әрі қарай жаттығу жасауға күшіңіз мүлде келмесе, кідіріс жасап, су ішіп алуға кеңес береміз.
4. Шаштарыңызға жарқыл береді
Шаштараздар ұзақ жылдардан бері шашты жылтыр болуы үшін суық сумен бір шайып алуға кеңес беріп келеді. Шынымен де, суық температура шашты тегіс әрі жылтыр ете отырып, шаштың түбін қатайтады.
5. Терінің жағдайын жақсартады
Ағзамыздағы кейбір токсиндер бет терісіндегі терінің бітелуіне әкеледі, болмаса бетте безеу пайда болады. Ал су токсиндерден арылып, оларды ағзадан шығарады. Бұл «нашар достардың» пайда болуынан арылтып, толықтай алғанда терінің жағдайын жақсарта түседі.
6. Бүйрек қызметін қалыпты күйде ұстайды
Біздің бүйрегіміз тәулігіне 1700 литр қанды тазалайды. Осылайша ағзамызға қажетсіз дүниелерді қуыққа жібереді. Ағзамызда сұйықтықтың қалыпты мөлшерінің болуы бүйрекке өз қызметін дұрыс атқаруға көмектеседі. Міне, сол үшін де алып қою керек (әрине, бір стакан суды)!
7. Еңбек қабілетін жақсартады
Таң қаларлығы, судың еңбек қабілетін жақсарту қызметі де жоқ емес. Бір маңызды нәрсеге көңіл аударғыңыз келсе, бір стакан суды ішкеніңіз дұрыс. Ол сіздің тірілтіп, жүйелі орнығуыңызға көмектеседі.
 8. Ми белсенділігін жақсартады
Британдық ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, емтиханға өзімен бірге су алып кірген студенттер, өзгелерге қарағанда жақсы бағаға ие болған. Олардың көзқарасы бойынша, су дәл осы нәтижеге қол жеткізуге көмектескен. Су мен емтихан бағасының арасында қандай байланыс бар екендігі бізге әлі де беймәлім, алайда, бұл зерттеуді жалғастырып, емтиханға су алып кіріп, сынауға бізге әбден болады.
9. Ауырсынуды басатын қасиетке ие
Судың кішкене мөлшері ауырсынуды сәл де болса басуға көмектесетіні анық. Айтпақшы, буын ауруларындағы және бұлшықет ауырсынуларындағы негізгі себеп те ағзада судың жетіспеушілігінен болуы мүмкін.
10. Ас қорытуды жақсартады
Ешкім де ас қорыту мәселесіне ұрынғысы келмейді. Біз қажетті мөлшерде суды тұтынғанда, ол тоқ ішекке түсіп, іштің дұрыс жүруіне ықпал ететіні белгілі.
reactor.inform.kz​​​
06 мамыр 2018 ж. 4 337 0