Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кофені таңертең ашқарынға ішуге бола ма: Эндокринолог жауап берді

Кофені таңертең ашқарынға ішуге бола ма: Эндокринолог жауап берді

Көптеген адамдар кофені таңертең, ұйқыдан оянғаннан кейін ішкенді ұнатады. Алайда эндокринолог-дәрігер Алексей Калинчевтің айтуынша, бұл асқазан ауруларына әкелуі мүмкін деп хабарлайды Sputnik радиосы.
Эндокринолог, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчевтің сөзінше, сусынның бұл түрін тамақтан соң ішу керек. Өйткені ашқарынға ішілген кофенің салдары уақыт өте келе созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі. "Аш қарынға ішілген кофе асқазан-ішек жолдарындағы созылмалы ауруларының өршу қаупін туындатады. Шын мәнінде, бізде бұл аурулар бар, олар тек мектеп немесе студенттік жылдардан бері ремиссия жағдайында болуы мүмкін. Адамдар кофені аш қарынға ішкен кезде, оларда дұрыс тамақтану әдеті қалыптаспаған болуы мүмкін, яғни аш екені сезілмейді. Сондықтан олар таңертең тамақтанғысы келмей, сергу үшін кофе ішеді", - деді Алексей Калинчев. Эндокринологтың айтуынша, тамақтанғаннан кейін кофені өз қалауыңыз бойынша және кез келген нәрсемен, тіпті десертпен де ішуге болады.
Сондай-ақ ол егер адамның дені сау болса, кофені таңертең де, кешке де, кез келген уақытта іше беруге болатынын айтты. Еске сала кетсек, Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй кофе, шай секілді басқа да сусындардан бас тартқан адамдардың тезірек ұйықтап қалатынын айтқан еді.
kaz.nur.kz
18 қараша 2020 ж. 853 0