Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарындағы майды кетірудің оңай жолы табылды

Қарындағы майды кетірудің оңай жолы табылды

Мұндай проблемасы бар адам өзінің тамақ мәзіріне май қышқылы аз өнімдерді қосу керек.

Америкалық эндокринолог Элизабет Лоуден қарындағы майдан қалай құтылуға болатынын айтып берді, - деп жазады Focus.
Маманның айтуынша, арықтау үшін дұрыс диета сақтау керек. Дәрігер ағзадағы зат алмасуды жақсартатын тамақтану тәртібін айтып берді.
Метаболизмі жай жұмыс істейтін адамдар өзінің диетасына май қышқылы аз өнімдерді көптеп қосу керек. Мысалға, ұзақ уақыт қорытылатыны үшін көп энергияны талап ететін авокадо мен грек жаңғақтарын көбірек жеу керек.
Сонымен қатар, эндокринолог тамақта ақуыздардың аз болмауын бақылауға кеңес берді. Себебі ақуыздың жетіспеушілігі салдарынан ағзадағы май ғана сақталып, бұлшықеттердің үлесі төмендеуі әбден мүмкін.


22 желтоқсан 2019 ж. 1 031 0