Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар әлемдегі ең пайдалы диетаны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең пайдалы диетаны тапты

Америкалық дәрігерлер жетекші диетологтардың көмегімен кетогендік диетаның артық салмақтан арылып, денсаулықты сақтаудың тамаша тәсілі екенін анықтады, деп жазады Stan.kz.

Сонымен қатар, кетогендік диета қарттықпен күресудің ең тиімді құралдарының бірі ретінде танылды. Бұл диета сүйекті қатайтуға көмектесіп, миды күрделі мәселелерді шешу үшін «жоғары» дайындық жағдайында ұстайды.
Диетаның негізгі ережелері бойынша, оны ұстаушы адам күніне үш рет тамақтанудан және зәйтүн майында жасалған тағамнан, сонымен бірге құрамында ақуызы көп тағамдар мен майлы тамақтарды тұтынудан толықтай бас тартуы қажет. Сондай-ақ, ұсынымдар тізімі көмірсутегі бар өнімдерді тұтыну деңгейінің төмендеуін қамтиды.
Зерттеушілер кетогендік диета адамға жеке тамақтану мәзірін құруға, ас қорыту мен жүрек-қан тамырлары белсенділігіне жауапты барлық ішкі органдардың жұмысын жақсартуға, сондай-ақ Альцгеймер ауруы немесе қартайған деменция сияқты қауіпті ми ауруларын дамыту ықтималдығын төмендетуге көмектесетінін анықтады.
Стандартты кетогендік диета көмірсулардың төменгі мөлшері 5%, қалыпты ақуыздың құрамы 20% және майдың жоғары құрамы 75% болу керек дегенді білдіреді.
Кетогенді диета кезінде тіпті калория санын да санамай-ақ қойса болады. Себебі, ол онсыз да тиімді жұмыс жасайды.
Бұл диетада көмірсулары жоғары кез-келген тағамға шектеу жасау керек. Диета кезінде тұтынуға болмайтын өнімдердің тізімі мынадай:
Тәтті өнімдер: сода сусындар, жеміс шырыны, коктейльдер, торт, балмұздақ, конфет және тағы да басқалары.
Астық өнімдері: бидай, күріш, макарон өнімдері, жарма және басқалары.
Жемістер: жемістердің аз ғана бөлігін қоспағанда, барлық жемістер.
Бұршақты қнімдер: бұршақ жармасы, үрмебұршақ, жасымық, асбұршақ және басқалар.
Тамыр жемісті көкөністер: картоп, тәтті картоп, сәбіз, ботташық және басқалар.
Құрамында май аз өнімдер: көбіне көмірсулары жоғары азық-түліктер.
Кейбір дәмдеуіштер мен тұздықтар: құрамында қант бар өнімдер.
Зиянды майлар: өңделген өсімдік майы мен майонезді шектеу керек.
Алкоголь өнімдері: көптеген алкогольдік сусындардың құрамында көмірсу болғандықтан олар бұл процеске зиян келтуі мүмкін.
Кетогендік диетада қандай өнімдерді тұтыну керек?
Ет: қызыл ет, стейк, ветчина, шұжық, бекон, тауық және күркетауық еті.
Майлы балық: ақсерке, алабалық (форель), тунец және макрель.
Жұмыртқа: үй тауығының жұмыртқасы ғана болса жейге болады.
Май және кілегей.
Ірімшік: чеддер, ешкінің сүтінен жасалған немесе моцарелла ірімшігі
Жаңғақ және дәндер: бадам, грек жаңғағы, зығыр, асқабақ дәні шие тұқымы және басқалары.
Май: зәйтүн, кокос және авокадо майы.
Авокадо: бүтін авокадо немесе гуакамол.
Көмірсуы аз көкөніс: жасыл жапырақты көкөністер, қызанақ, пияз, бұрыш және басқалары.
Тұздықтар: тұз, бұрыш және түрлі шөптер мен дәмдеуіштер.
Алғашқы күні ағзадағы глюкозаны толығымен шығару үшін тек су ішуге тура келеді. Содан кейін 2-3 күннің ішінде тек құрамында ақуыз бен май бар тағамды жеуге болады. Ол күндері пісірілген жұмыртқа, май сығындысы бар сүзбе, майлы балық, авокадо және жаңғақ қолданылады. Диетаны енді бастағандар көбіне жұмыртқа немесе беконмен омлет пісіріп жейді.
Қалған 3 күнде рұқсат етілген көкөністер мен құс еті, майлы ет және ірімшіктерді тұтынуға болады.
Адам ағзасы көмірсулардың алмасуын қалпына келтіруі үшін кетогендік диетаны бір аптадан кейін тоқтату керек. Қажетті дене салмағына жету үшін циклды 2-3 рет қайталауға болады, сонымен бірге диета ұстаушылардың көпшілігі бірінші аптада 5-тен 8 келіге дейін салмақ тастайды.

Stan.kz
31 шілде 2018 ж. 1 258 0