МӘМС жүйесінде жеңілдік алатындар санатына кімдер кіреді

«Мемлекет жеңілдік алатын санатқа енген 11 млн адам үшін жарнаны төлеп келеді», - делінген аталған қор баспасөз қызметінің агенттік тілшісіне берген жауабында.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жеңілдік алатындарға осы санаттар енген:
балалар; жұмыссыз ретінде тіркелгендер; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; бала үш жасқа толғанша оған қарап отырған жұмыс істемейтін адамдар; жүктілік әрі босану және жаңа туған нәрестені асырап алуға қатысты демалысқа шыққандар, сондай-ақ бала үш жасқа толғанша оны бағумен отырғандар; мүмкіндігі шектеулі балаға қарап отырған жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның күтімімен отырған жұмыс істемейтін адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар,
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері; қылмыстық- атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқандар; тергеу оқшаулағышында отырғадар; жұмыс істемейтін қандастар; көпбалалы аналар; мүмкіндігі шектеулі жандар; орта, техникалық әрі кәсіптік, жоғары білім, сондай-ақ ЖОО-дан кейінгі білім алу ұйымдарында күндізгі бөлімде оқып жатқандар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін адамдар.
inform.kz