Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Protecting bussines and investments» жобасы

«Protecting bussines and investments» жобасы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)«Protecting bussines and investments» жобасы  аясында кәсіпкерлер мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.Жоба аясында Қызылорда облысында 2020 жылғы 4 желтоқсандажалпы құны1,5 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Аталған мемарандумның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандыру, әкімшілік кедергілердің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастықпен ынтымақтастық құру.
«Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС негізгі мақсаты облыста шыны талшықтарын және композиттік материалдар шығарып, осы бағыттағы импорттық матералдың көлемін азайтып, ішкі нарықтағы бағаны төмендету
Шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж. С. Берденова, инвестор Т.Боранбаевжәне БАҚ қатысты.
Бүгінгі күніҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті«Protecting bussines and investments» жобасы  жалпы құны 555,8 млрд. теңгені  құрайтын 22 инвестициялық(6 шетелдік неше 16 отандық) жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.
Шара соңында БАҚ сұхбат барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов департамент тарапынан инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
                                                                                    
15 желтоқсан 2020 ж. 541 0