Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Қазақстанда 9,11,12 сыныптар оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап аралас оқу форматына көшеді.
«Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту қарастырылады», – делінген хабарламада.
Осыған орай, оқушылар пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан оқитын болады.
Сонымен қатар оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.
Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері II семестрден бастап аралас оқыту форматына көшеді.
Премьер-министр әкімдерге қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындауды тапсырды.
kyzylorda-news.kz
20 желтоқсан 2020 ж. 769 0