Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті.

Мемлекеттік қызметшілер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті.

Еліміздегі мемлекеттік қызмет туралы алғашқы заңнаманың қабылдануына 25 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті.Аталған чемпионатты ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Аймақтыңмемлекеттік қызметшілері қатысқан сайыстың бірінші кезеңі 21-22 желтоқсан күндері онлайн форматта өткен болатын. Сайыста ерлер мен әйелдер бөлек-бөлек бақ сынасты.
Ұлттық интеллектуалды ойын жарысының жеңімпаздарын анықтау 23 желтоқсанда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, департаментте офлайн өткізілді.
Жарыс қорытындысымен ерлер арасынан Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Толябаев Манас І орынды иеленіп, чемпионат жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округінің бас маманы Мадилов Жалғас ІІ орынды, Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округінің бас маманы Әбуов Әділет ІІІ орынды иеленді.
Қыздар арасында І орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Акбарова Құндызай иеленсе, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округінің бас маманы Қараманова Нұрсұлу ІІ орынға, Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Рысмаханов Сәуле ІІІ орынға қол жеткізді.
Чемпионат жеңімпаздарын департамент басшысы Рафхат Бисенов пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов дипломдармен марапаттап, алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
25 желтоқсан 2020 ж. 413 0