Қармақшыда 1000 спортшы қатысқан спартакиада мәресіне жетті

Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты.
Спорттың 16 түрінен, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шарада 1000-нан аса спортшы бақ сынады.
«Алтын күз - 2019» спартакиадасының жабылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорт» бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов жеңімпаздарды құттықтап, дипломдармен марапаттады.