«Мерген ару - 2020» жарысы өтті
2020 жыл Волонтер жылына, Ұлы жеңістің 75 жылдығына және «Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл» толуына орай мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «Мерген ару - 2020» аудандық жарысы және Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында пневматикалық мылтықтан нысана атудан аудандық жарысы ұйымдастырылды. «Мерген ару - 2020» әскери қолданбалы спорт жарысына 5 аймақ бойынша іріктеуден өткізілген үздік шыққан оқушылардан 9 команда және 28 АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Әскери қолданбалы спорт жарысына аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинет меңгерушісі Құрманалиев Айбек Іззатұлы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшылары және «Қызылорда облысының әскери-спорттық клубтарының федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қатысып, жарысқа қатысушыларға алғыстарын айтып, сәттілік тіледі.
«Мерген ару - 2020» жарысы қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды №21 орта мектебі командасы, ІІ орынды №13,14 мектебінің құрама командасы, І орынды №262,71,83 орта мектебінің құрама командалары иеленіп, АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында «АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау» бойынша жүлделі ІІІ орынды №13 орта мектебінен А.Утегенов, ІІ орынды №57 орта мектебінен А.Ахметов, І орынды №262 мектеп-гимназиядан Н.Ермаханов алса, «Пневматикалық винтовкадан нысана ату» бойынша ІІІ орынды №13 орта мектебінен А.Утегенов, ІІ орынды №59 орта мектебінен Е.Есиркегенов, І орынды №262 мектеп-гимназиядан Н.Ермаханов иеленіп, жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің мадақтамаларымен және аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен марапатталды.