Қызылордада танысының банк есеп шотынан ақша алған азаматша ұсталды

2 күннен кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, ұрлық бойынша арызбен Қызылорда қаласының полиция басқармасына жүгінді.
Күдікті облыс орталығының тұрғыны полиция қызметкерлерімен ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.
kyzylorda-news.kz«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.