Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындармен кездесті

Тұрғындармен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, №230 орта мектебінің директоры Әлібек Шораев «Есіктен есікке» акциясы бойынша Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады.
Сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында үміткер Әлібек Шораев ауыл қарттарымен кездесу жүргізді. Ауылымыздың қарт ардагері Құттыбаев Шөменбай ақсақал мен Назира әжеміздің отбасында болып, партия бағдарламасымен таныстырды.
– Шөменбай атамыздың үйінде болып, ата­ мызбен жүздесу барысында келген мақсатымызды түсініп, қазіргі таңда елімізде болып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, риясыз рақметін айтып, ақ батасын берді. Ауыл қарты 90 жастан асса да, ауыл баласын жазбай танығандығына мен де риза болдым. Ел мүддесін жүзеге асыруға бар ықыласымызбен жұмыс істейтіндігімді білдірдім. Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз, – дейді Әлібек Шораев.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданы сайлау қорының қаражатынан бөлінді 
02 қаңтар 2021 ж. 396 0