Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан дамуының бағыты айқын

Аудан дамуының бағыты айқын

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмабай Мейірманов «Есіктен есікке» акциясы бойынша тұрғындармен кезде­су өткізді.
«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сәйкес келуін және әрбір аза­мат денсаулық сақтаудың озық тәжірибелеріне тең қол жеткізетіндігін қолдайды. Ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету, шалғай және қолжетімділігі қиын ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады. Адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартамыз. Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің күннен-күнге жаңаруы көңіл қуантады.
– №15 қазақ орта мектеп директоры, №71 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазіргі Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған бірінші санатты ұстаз ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының, облыс және аудан әкімінің Алғыс хат иегері, физика-математика пәнінің ұстазы, қазір құрметті ардагер Сағатай Құдайбергенованың үйінде кездесу өтті. Ұлағатты ұстаз «Nur Otan» партиясының барлық сайлауалды бағдарламасымен теледидар және әлеуметтік желілер арқылы таныс екенін жеткізіп, партияның алдағы саяси додада жеңіске жетуін тіледі. Апайымыздың жары Мұхаммеджан Сембиев ұзақ жылдар ауданда қызмет жасаған зейнеткер, – дейді Жұмабай Мейірманов.
Кездесу соңында үміткер сұрақтарға жауап беріп, сайлауға қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді

01 қаңтар 2021 ж. 686 0