Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханашылар жетекші партиямен бірге

Кітапханашылар жетекші партиямен бірге

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық сайлауалды штабының төрағасы Талғат Қанатов, аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мадинов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Базарбай Төрахметов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан кітапханашылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар осы сала мамандарын толғандырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берілді.
Қазіргі таңда Арал аудандық орталықтандырылған кітапханада – «Nur Otan» партиясының қолдауымен заманауи талаптарға сай co-working орталығы ашылды. Жастардың қолайлы ортада білім алуына барлық жағдай жасалды. Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізу ауданның әрі қарай дамуының маңызды шарты болып табылады. «Nur Otan» партиясы сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында:
– Орта мектеп орталықтарда 4 қосымша топтар ашу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізуге;
– 2021-2025 жылдары аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, орта мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен (химия, биология, физика) жабдықталуына;
– Педагог қызметкерлердің біліктілік санатының жаңа форматына сәйкес 2020- 2025 жылдар аралығында «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» санаттары бойынша педагог оқушылар құрамының үлесін 52 пайыздан 85 пайызға жеткізу;
– 2022 жылы Арал ауданы, Арал қаласында 200 орындық және 100 орындық интернатымен №71 мектептің құрылысына;
– 2021 жылы Арал ауданы, Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп, 2021-2025 жылдары 6 білім беру нысанын (№ 13, 14, 220, 260, 73, 177 орта мектептер) күрделі жөндеуге, Шижаға елді мекеніндеге спорт залы мен орта мектебіне 100 орындық қосымша құрылыс салуға;
– Көп балалы отбасылардың балаларын қашықтан оқытуға толық жағдай жасалып, керек құрылғылармен қамтамасыз етуге ықпал етіледі, – деді аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 505 0