Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зиялы қауыммен кездесті

Зиялы қауыммен кездесті

«Nur Otan» партиясының сай­ лауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талғат Қанатов, Дәуренбек Мадинов және Қанағат Махамбетова зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
– 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ­ тардың жылы болды. Біз басты құн­дылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады. Бүгінде барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Біз әр азаматтың сенімін бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! – деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Д.Мадинов.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ партияның еліміздің дамуына қосқан үлесі мен тәуелсіздік жылдарындағы ауданымыздың жетістіктері туралы да жан-жақты мәліметтер айтылды. Зиялы қауым өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірін айтып, жетекші партияның жобаларымен, бас­тамаларымен таныс екенін жеткізді. Сонымен қатар саяси маңызды науқанда халық қалаулысы атануға үміткер ретінде тіркелген азаматтарға сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 678 0