Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында педагогтар үлесі 85 пайызға артады

Арал ауданында педагогтар үлесі 85 пайызға артады

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Шүренов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанағат Махамбетова аудандағы мәдениет үйінде білім саласы өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, білім саласындағы негізгі мәселелердің түйінін тарқатты.
  • Мектептердегі кадр жетіспеушілігін реттеп, олардың сапасын арттыру үшін жағдай жасасаңыздар екен. Сонымен қатар арнайы пәндік кабинетерді қажетті құрал-жабыдықтармен қаматамасыз етіп, мұғалімдердің біліктілігін арттырып отыратын тың жобалар жасалса, нұр үстіне нұр болар еді,– деді №220 орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Айнұр Сералиева.
Осылайша, әрбір қатысушының ой-пікірін таңдаған үміткерлер, партияның алдағы жылдарға арналған тың жоспарларын таныстырды. Мәселен, 2022 жылы Арал қаласында 200 орындық және 100 орындық интернаты мен №71 орта мектептің және 2021 жылы Сексеуіл кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүріп, осы жылдар аралығында 6 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізетінінен хабардар етті. Сонымен қоса, Шижаға елді мекенінде спорт залы мен орта мектебіне 100 орындық қосымша құрылыс салынып, инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 23-тен 49%-ға, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін 99% жеткізу жоспарланғандығын жеткізді.
– Келешек елдің тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың сапалы білімге қол жеткізуі ауданның да, елдің де әрі қарай дамуының алғышарты болып табылады. «Nur Otan» партиясы сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2021 жыл - 2025 жыл аралығында аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, орта мектептердің кезең-кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен жабдықталуына, педагог қызметкерлердің біліктілік санатының жаңа форматына сәйкес алдағы бес жылда «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» санаттары бойынша педагогтар құрамының үлесін 52 пайыздан 85 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр, – деді үміткер Т.Шүренов.
Үміткерлер өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламасын, негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі баяндап, білім саласы мамандары толғандырған түйінді мәселелердің шешімін тауып, алдағы жылдарда ауқымды істер атқарылатындығы айтылды.

"Nur Otan" партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
24 желтоқсан 2020 ж. 651 0