Қызылорда: Жаңа оқу жылында жаңа мектептер салынады
Жаңа оқу жылына қарай Сыр елінде негізгі басымдықты ескере отырып, бірқатар білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, темір жолдан өтуге мәжбүр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Бұл мектеп құрылысы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 Жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылмақ.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы Майбекет мөлтек ауданында 300 орындық мектеп құрылысы бастау алды. Облыста апатты мектептерді жою үшін Жаңақорған ауданында №169 Н.Илялетдинов атындағы 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілсе, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылындағы №34 Ә.Бердаулетов атындағы 140 орындық мектеп жаңа оқу жылында ел игілігіне берілмек.
Қызылордада үш аусымды мектептерді болдырмау мақсатында Бәйтерек мөлтек ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы жүргізіледі. Аталған мектеп мемлекеттік бағдарламасы «Жұмыспен қамту Жол картасы» шеңберінде іске асады.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылына Қызылорда қаласында 500 орындық жеке мектеп тапсырылады. Еске сала кетейік, облыста 293 мектепте 162 мыңға жуық бала білім алады.
kyzylorda-news.kzСонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы Майбекет мөлтек ауданында 300 орындық мектеп құрылысы бастау алды. Облыста апатты мектептерді жою үшін Жаңақорған ауданында №169 Н.Илялетдинов атындағы 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілсе, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылындағы №34 Ә.Бердаулетов атындағы 140 орындық мектеп жаңа оқу жылында ел игілігіне берілмек.