"Nur Otan" партиясының Арал аудандық филиалында сайлауалды штабы ашылды

«Барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Үгіт-насихат науқанының басты қағидасы –тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделген. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз. Ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді.
Сонымен қатар, штаб жанынан біздің ауданның жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері топтастырылған. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз», – деп атап көрсетті Талғат Қанатов.

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облысы Арал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді