Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Праймериз» – таңдауымыз өз қолымызда

«Праймериз» – таңдауымыз өз қолымызда

Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Н.Ә.Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды. «Партиялық тізімдерге халықтың әртүрлі бөлігінің өкілдері, беделді азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс»,- деп Елбасымыз атап көрсеткендей, праймериз ең сенімді және белсенді мүшелерді анықтауға мүмкіндік береді.Праймериздің басты мақсаты – елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы өзекті мәселелерді анықтау, сайлаудағы партия мүшелерінің ынтымақты дауыс берулеріне қол жеткізу, сондай-ақ, партияішілік сайлауда ел алдына шығар жаңа көшбасшыны айқындау. Партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық праймеризге қатыса алады. Кандидаттар бастауыш партия ұйымынан және бір облыс, қала немесе ауданнан өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Үміткерлер тікелей үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, партия мүшелерімен кездесулер ұйымдастырады. БАҚ пен әлеуметтік желілерде мақалалар мен жазбалар жариялайды. Праймеризге қатысушы кандидат мәселелерді кәсіби қызметіне сәйкес шешуге жұмыс жүргізеді. Сайлауға түскен үміткерге тек өз аймақтарының жерлестері ғана дауыс бере алады.
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша қазір елдің барлық облыстарында іріктеу жүргізілуде, «...Алдағы праймеризде қазіргі трендтер ескеріле отырып, дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн дауыс беруді де өткізу жоспарланып жатыр, осыған сәйкес сайлаушылармен жұмыс жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары және басқа да тақырыптар бойынша онлайн-семинарлар ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жүзеге асырылуда» деп хабарлады.
Праймеризге партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне алаңдайтын, озық ойлы, жауапкершілігі мол, өзіне сенімді және дарынды азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Ел болашығы – сіз бен біздің қолымызда.
Айтуған САУЯЕВ,
Барсакелмес бастауыш партия ұйымының төрағасы
01 қыркүйек 2020 ж. 663 0