Праймериз – мүмкіндігі мол бастама

Арал ауданы бойынша праймеризге кандидаттардан өтініші 17 тамыздан бастап қабылдана бастады. Бүгінгі таңда 55 адамнан өтініш келіп түсті. Олардың арасында көп балалы аналар да, жастар да бар. Мұндағы бір ерекшелік праймериз өтініш берген адамның біліміне, қызметіне қарай іріктелмейді. 20 жастан асқан кез келген адам өтініш бере алады. Өтінішті қабылдау 29 тамызда тоқтатылды. Енді талапкерлер өздерінің бағдарламасын әзірлеп партия мүшелері алдында қорғайтын болады. Бағдарламасында қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, болашақ халық қалаулысы болғанда осы бағытта жұмыстар жасар едім деген айқын бағыты бар адам партия мүшелерінен дауыс жинау арқылы резервке қабылданады. Олар резервте 5 жыл тұратын болады.
Оларға қандай мүмкіндік беріледі. Кез келген қызметке орналасу кезінде өткізілетін конкурста резервке алынған тұлға жұмысқа қабылдануына мүмкіндік бар. Бұдан да басқа праймеризге қабылданға кез келген адамның қоғамда кездескен мәселесінің оң шешімін табуға ықпал етеді. Әрине олар резервке алынғанан кейін де «Nur Otan» партиясымен тығыз қарым қатынас орнатып, қоғам өміріне белсене араластырылатын болады.
Талғат Қанатов,
«Nur Otan» партиясының
Арал аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары