Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлының аралдықтарға ҮНДЕУІ

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлының аралдықтарға ҮНДЕУІ

Құрметті жерлестер!
Мемлекетімізде әлеуметтік – экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер болуда. Соның бірі – батыс елдерінде сайлау тәжірбиесі жүйелі түрде қолданып келе жатқан партияішілік іріктеудің елімізде өткізілуі.
Праймериз дегеніміз - негізгі сайлауға беделді, халыққа сөзі өтетін, көптің көңілінен орын алған үміткерлерді шығару мақсатында партияның өз ішінде жасалатын таңдау. Яғни, «партия ішіндегі сайлау» десек те болады.
Бұл тәсіл партияның бастауыш ұйымдарының жұмысын жандандыратын болады. Бастауыш ұйымдар белсенді болса, саяси ұйым мен халықтың арасы жақындай түспек. Бастауыш ұйымдар өз кезегінде бұқарамен тығыз байланыста жұмыс жасаса, халықтың да саяси белсенділігі артатын болады. Сонымен қатар, бұл тәсіл азаматтық қоғам үшін жақсы мектеп. Партиялық тізімнің сапалық құрамында әйел азаматтардың үлесін 30%-ға, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20%-ға және көпбалалы ана, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да әлеуметтік топтардың өкілдерінің болуы болашақта партия қатарында креативті жастар мен өзекті мәселелерді көтеретін мүшелердің саяси ұйымның «бойына қан жүгіртудің», партияны саяси нарықта бәсекеге қабілетті етудің тиімді тәсілі деп білемін.
Праймеризге партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партия қатарына қосыла алады.
Сондықтан, партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, дарынды да креативті барша аудан тұрғындарын алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!
18 тамыз 2020 ж. 848 0