Праймериз. Халық өзінің депутаты кім екенін білуі керек
Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев «Желмая» жобасында айтты.
Праймериз – елдегі саяси реформалардың құрамдас бөлігі. Мемлекет тарапынан емес, партия жағынан қабылданған шешім болғанымен, атқарылып жатқан шаралар бір-бірімен үндес. Праймериз депутаттық корпустың сапалы болуын, елге сөзі өтетін, елдің алдында беделі бар, жергілікті проблемаларды жақсы білетін және сол проблемаларға қатысты өзінің ойын білдіре алатын, атқарушы билікке талап қоя алатын азаматтардың келуін қамтамасыз етеді, - деді ол.
Қырықбаев атап өткендей, праймериз ағылшын тілінен аударғанда алдын ала іріктеу дегенді білдіреді.
Қазақша айтқанда, ол – дода. Дода болғаннан кейін жеңіс пен жеңілу қатар жүреді. Праймериздің 6-күнінде 6 мыңнан астам адам ниет білдіріп отыр. Бәсекелестік өте жоғары. Жеңетіндер мен жеңілетіндер де болады. Праймеризге қатысам дегендердің барлығы додадан өтеді деу ақылға сыймайтын нәрсе. Жастардың белсендігі өте жоғары. Әйел адамдардың да белсендігі жоғары болып отыр, - деді ол.
Ол атағандай, қатысушылардың жасы 20-дан асуы керек.
Праймеризге кез келген азамат қатыса алады. Бірақ қатысушының партиялығы болуы керек. Себебі, бұл - Nur Otan-ның партияішілік додасы. Қазіргі партиялық менеджменттің идеясы деп айтуға болады. Көршілес елдің тәжірибесін ескере келе, халық тарапынан сондай сұраныс бар екенін көрдік. Халық өзінің депутаты кім екенін білуі керек, - деді Қырықбаев.
Арман Қырықбаев атағандай, үгіт-насихат маусымы 7 қыркүйектен басталады.
Әрине, пандемия көп нәрсеге әсер етті. Біз барынша онлайн өткізуге тырысамыз. Алайда, жергілікті жердегі нақты жағдайға байланысты болады. Десек те, біз онлайн платформалардың барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Аймақтарда 216 бағдарлама дайындық. Оларды үгіт-насихат барысында насихаттаймыз. Партия жоспары мен сандары, нақты аймақтардың проблемаларына қатысты ақпарат таратылады, - деді ол.
Ол атап өткендей, 3300-ден астам ғана мандат бар болса, оның барлығын Nur Otan алады деп айту қиын.
https://baq.kz/Басқа да партия, басқа жұрт бар. Өтініш бергендердің саны 10 мың болса, 6-7 мың адам ол тізімге кірмейді. Депутат бола алмайды. Праймериз қоғам үшін ғана емес, жалпы азаматтар үшін үлкен сын. Азаматтардың саяси додаға қатысу деңгейі мен сайыстағы жеңілісті қалай қабылдауына қарай деңгейді көрсетеді, - деді ол.