Бағыты – айқын, жоспары – нық

Кездесу барысында аудан ардагерлері К.Айбосынов, А.Жоланов, А.Бөлекбаев қазіргі елдегі жағдай, биылғы сайлау науқанының ерекшеліктері, жетекші саяси партияның саясаты туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Партия филиалының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайтындығын кеңінен таныстырды. Сонымен қатар үміткерлер тұрғындарға үгіт-насихат қағаздарын таратып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды бағдарламалары, жоспарларын айтып, сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді