Аралдық ұстаз аймақ басшысының бірреттік сыйақысына ие болды

Жиында Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанна Қонарова тұңғыш рет аймақ басшысының атынан белгіленген 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі яғни 833 мың теңге сыйақыға ие болды.
Аталмыш сыйақы конкурстық негізде өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған облыстың 10 ұстазына берілді.
Жанна Қонарова – ауданның, облыстың білім беру саласында айшықты қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген ұстаздардың бірі. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық білім додаларының жүлдегері мен жеңімпазы атанып келеді.
Ұлағатты ұстазға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілеп, білімнің биік белестерін бағындыра беруін тілейміз.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
