Қызылордада 10 үздік ұстаз ерекше төсбелгімен марапатталады

Төсбелгі білім беру саласына айрықша еңбегі сіңген, республикалық конкурстардың жеңімпазы атанып, озат шәкірттер тәрбиелеген, жетістікке жеткен ұстаз иемдене алады. Білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі болуы шарт.
kyzylorda-news.kz«Конкурс ашық түрде ұйымдастырылады. Арнайы комиссия құрамы бекітіледі. Комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен журналистер, арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысады. Байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші – мектеп ішіндегі педагогикалық кеңестің шешімін алады. Екінші кезекте – аудандық немесе қалалық білім бөлімінің комиссиянан өтеді. Үшінші кезең – білім басқармасы арқылы іріктеуге алынады. Яғни қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Ең үздік деп танылған ұстаз жыл қорытындысы негізінде облыс әкімінің арнайы қатысуымен өтетін жиында марапатталады», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.