Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Үздік 10 ұстазға 800 мың теңге сыйақы беріледі

Қызылорда: Үздік 10 ұстазға 800 мың теңге сыйақы беріледі

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік мерекесінде облыстық білім басқармасының бастамасымен үздік 10 ұстазға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 800 мың теңгеден астам сыйақы беріледі. Ал осы аптадағы мұғалімдердің кәсіби мерекесі онлайн форматта атылып өтіледі.
«Биыл мұғалімдер күнін онлайн форматта атап өтіледі. Кәсіби мерекеге арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің қатысуымен үздік ұстаздар марапатталады. Қаланың орталығы мен ірі көшелеріне республикаға белгілі, облысқа танымал ұстаздың бейнелері белгіленген билборд ілінеді. Кәсіби мерекеде ардагер ұстаздарға почта арқылы арнайы құттықтау хаттар жөнелтілді. Ұстаздар күніне арналған фейсбук әлеуметтік желісінде «Құрметке лайық» арнайы челленджі бастау алды. Қазір әрбір аудан, қала көлеміндегі ұстаздардың жетістіктері мен ерекшеліктері туралы видеороликтер, постерлер салынуда. Сонымен бірге оқушылардың, түлектердің ардагер ұстаздарға арналған «Шәкірттер құттықтайды» акциясы да ұйымдастырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесінде үздік ұстаздарға арнайы «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі беріледі. 10 ұстазға қаржылай сыйақы табысталады. Бұл мұғалімдердің мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарымыздың бір парасы», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Жыл сайын республикалық «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып, Сыр өңірінен ең мықты ұстаздары марапатталуда. 2012 жылдан бері Сыр елінің 18 ұстазы «Үздік педагог» мәртебесін иеленіп, қаржылай сыйақы иемденді. Биыл 1 ұстаз «Үздік педагог» жеңімпазы атанып, Сыр елінің мәртебесін көтеруде.
01 қазан 2020 ж. 719 0