ҮЗДІК ҰСТАЗҒА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгінгі мереке қарсаңында олимпиада қорытындысы жарияланып жеңімпаз атанған және жүлдегер ұстаздар марапатталды.
Айта кетейік, пән олимпиадасының жеңімпазын жеңіл автокөлікпен қамтуға Ақтөбе өңіріндегі жерлесіміз, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері, «Қыдыр ата» атымен халық арасында кеңінен танымал меценат Жанарыс Жақсылықұлы демеушілік жасады.
Жүлдегер атанған барша ұстаздарға арнайы сыйақы табыс етілді. Ал бас жүлде иеленген №14 мектеп- лицейінің физика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Еленаға автокөлік кілтін демеуші Жанарыс Жақсылықұлының жұбайы Алмагүл Құрмашқызы табыстады.