Бала жанының бағбаны

– Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз, – деп ардагерлер жылы лебіздерін білдірді.
Ұстаздар күні мерекесіне орай өткізілген мерекелік іс-шарада оқушылар жүрек жарды өлеңдерін оқып, би билеп, әндер шырқап, көріністер қойды. Кешке қонақ ретінде келген ардагер ұстаздар мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап, оқушыларға айлғыстарын айтты.