Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бір тәулікте 68 нәресте дүниеге келді

Қызылордада бір тәулікте 68 нәресте дүниеге келді

Қызылорда облысында желтоқсанның 31-і сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. 68 сәбидің 35-і ұл, 33-і қыз бала.
Оның ішінде желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 13 сәби дүниеге келді. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 8-і ұл, 5-уі қыз бала.
Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.
02 қаңтар 2021 ж. 497 0