Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының вирусология зертханасы заманауи жабдықтармен толықты

Қызылорда облысының вирусология зертханасы заманауи жабдықтармен толықты

Қызылорда облысының вирусология зертханасы заманауи жабдықтармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Коронавирусқа қарсы ведмоствоаралық комиссияның мәліметінше, зертханаға ПТР әдісімен зерттеу жүргізуге 2020 жылы шыққан сингапурлық QuantStudio 3 амплификаторы сатып алынған.
Бұл құрылғы арқылы 384 зерттеуді бір уақытта орындауға болады, яғни бір тәулікте 1 100 зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Келесі жабдық – COVID-19 диагностикасына арналған КАМАЗ автокөлік базасындағы мобильді зертханалық кешен.
Бұл жылжымалы зертханалық комплекс кез келген жерде аса қауіпті инфекцияларға зертханалық талдаудың толық спектрін орындауға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іс-сапарға жіберілген стационарлық зертхана ретінде жұмыс істей алады.
Бұдан бөлек, отандық 2-класстық екі биологиялық бокс сатып алынды. Бұл құрылғы ауа тамшылары арқылы жұғатын патогенді агенттермен, микроағзалармен жұмыс жасау барысында сынаманы, мамандарды және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді. Швейцариялық TEKAN компаниясының автоматтық станциясы іске қосылды.
Бұл жабдық 96 анализден нуклеин қышқылын 2 сағатта анықтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін аталған процедура қолмен жасалғанда 6 сағаттай уақытты қажет ететін. Жаңа құрылғылар зертханалық тексерулердің қуатын арттырып, сапасын жақсартады, мамандарға да жүктеме азаяды. Әсіресе, COVID-19 пандемиясына қарсы күрес шеңберінде өте маңызды.
inform.kz



02 қаңтар 2021 ж. 439 0