2021 жыл Халықаралық көкөніс пен жеміс жылы деп жарияланды
Дүниежүзінде халық санының жылдам өсіне байланысты БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мамандары қолда бар барлық азық-түлік ресурстарын пайдалану қажеттігін атап көрсетеді. Осыған байланысты ұйым 2021 жылды Халықаралық көкөністер мен жемістер жылы деп жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Біріккен ұлттар ұйымының сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл жыл көкөністер мен жемістердің тағамдық құндылығы туралы ақпарат таратуға және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға араналады.
Туризм саласы жақсы дамыған және интернетке қолжетімді жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан адамдарды аса белгілі емес азық-түлік өнімдерімен таңқалдыру өте қиын. Алайда, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтері бойынша көкөністер мен жемістердің сирек кездесетін, тіпті біз атын естіп көрмеген, ұмытылған түрлері бар.
Ол туралы әртүрлі себептермен ұмытып кетеді: дағды мен талғам өзгереді, кейбір өсімдік түрлерін өсіру қиындай түсуде, кей жағдайда оны өсіруге жеткілікті деңгейде жағдай жасалмаған. Ұмытылып бара жатқан көкөністер мен жемістер ішінде әлдебір мемлекет, әлдебір аумаққа жақсы бейімделгені бар және оның құрамы дәрумендерге бай.
Сонымен қатар, сирек кездесетін дақылдардың жоғары коммерциялық әлеуеті бар және егер олар үшін қолайлы нарық табылса, ұсақ шаруа қожалықтарының кіріс көзіне айналуы мүмкін.
Ұйымның сайтында сирек кездесетін көкөністер мен жемістердің түрлері келтірілген, олардың қатарында тікенді опунция немесе кактусты алмұрт, моринга, испан артишогы және амарант бар.
inform.kz