"Азық-түлік бағасын тұрақтандыру басты назарда."

Бүгінгі күні шектеу шаралары жеңілдетіліп, азық-түлік тасымалдаушы кәсіпкерлер өз жұмыстарына толық кірісіп, тиісті қорлар қалыптасып, бағалар да тұрақтанды. Ауданға Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент қалаларынан күніге 3-4 жүк көлігімен 50-60 тонна азық-түлік тасымалдануда.
Облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесе отырып, С. Саяновтың "Әлеуметтік дүкеніне" азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында "Байқоңыр" ӘКК" АҚ-ның қорынан ұн, рошки, күріш, өсімдік майы (күнбағыс), қарақұмық жармасы, пияз өнімдері барлығы 19,5 тонна азық-түлікпен қамтылды.
Бөлім тарапынан аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, азық-түлік қоры мен бағалар бақылауда алынып, күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.


Арал Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.